Үйлері өртеніп кеткен қарағандылық 8-отбасы сегіз күнен бері баз кешіп жүр. 2018 жылдың 7-наурыз күні қаладағы орталық қазандыққа қосылмаған екі қабатты тұрғын үй өртенген болатын. 1947 жылы салынған үйдің тұрғындары  пәтерлерін пеш орнатып жылытып келген. Қатты желден шатырға шоқ түсіп үйдің төбесі отқа оранған. Таңғы бестер шамасында түтіннен естерін әрең жиған тұрғындар құжаттан өзге еш нәрселерін алып үлгермеген. Адам шығыны болмаған.

Қарағандыда  26 адам баспанасыз қалды

Бүгін өрт болған орынды тексеруге келген комиссия тұрғындарға ауызша аталған баспана енді жарамсыз екенін айтты.Оны естіген зейнеткер Светлана ТАТИЕВАНЫҢ басына қан шауып, дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келген.

-Бүгін әкімшіліктен адамдар келді. Үй жарамсыз, енді оны бұзу керек деп кесіп айтты. Ал, ресми қорытынды алдағы мерекелерден кейін шығады. Бірақ, мамандар айтып тұрса, олар қорытындыға соны жазады. Қаладағы апатты құбырларды жөндеуге 2 млрд ақша бюджеттен табылады. Ал, бізге төрт қабырға салып беруге әкімшіктің шамасы жоқ. Бізде киім түгелі, тамақ ішетін қасығымызда жоқ, — дейді зейнеткер.

Тұрғындардың айтуынша, өрт сөндіруші қызметкерлері уақытылы келгенімен, бір сағат көлемінде жарықты сөндіреміз деп бөгелген. Салдарынан екі қабаттың сау жері қалмаған. Дегенімен, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, тілсіз жау уақытылы ауыздықталынған. Тіпт себебін де айтты.

Қарағандыда  26 адам баспанасыз қалды

-250 шаршы метр жанып кетті. Үйдегі барлық тұрғындарды уақытылы шығарып үлгердік. Оның ішінде екі бала болды.Қазіргі таңда өрттің нақты себебі анықталды. Өрт пеш мұржасы істен шыққасын пайда болды,- деді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Айдана ЖҮНІС.

Қазыбек би аудандық әкімінің орынбасары Ғалым МҰҚАШЕВ үйдің апатты екенін тек қорытынды шешеді деп отыр.

-Әзірге апатты деп дөп басып айта алмаймыз. Қорытынды айдың аяғына дейін шығады. Егер апатты болса, ғимарат сүріліп орнына баспана салу жағы қарастырылады. Ал , жөндеуге келетін болса, мемлекеттік бағдарлама бойынша, нысанды жөндейміз. Қазір,  тұрығындарға көмек көрсетеміз. Жатахана да бөлінген. Сонда орналасуға болады. Онда қазір екі адам жатыр,-дейді шенеунік.

Қарағандыда  26 адам баспанасыз қалды

Қарағанды обласында орталық қазандыққа қосылмаған көп қабатты үйлер бұған дейінде отқа оранған. Бір Қарағанды қаласының өзінде 200 жуық пәтер пеш орнатып от жағып отыр. Олар бұл жағдайларын жергілікті билік өкілдеріне айтқан. Әзірге құрғақ уәдеден өзге нақты жасалынып жатқан іс байқалмайды.

Айман Сағатай, Қарағанды

Фотолар автордікі

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.