Швецарияның Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды. Яғни ¼ финалда ойнайтын командалар анықталды. Бұл туралы zhasalash.kz  eurosport.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеребені Чемпиондар лигасының Киевтегі елшісі, Милан клубының бұрыңғы даңқты футболшысы Андрей ШЕВЧЕНКО жүргізді. Сонымен ¼ финалда ойнайтын ұжымдар:

Барселона (Испания) – Рома (Италия)

Севилья (Испания) – Бавария (Германия)

Ювентус (Италия) – Реал (Испания)

Ливерпуль (Анлия) – Манчестер Сити (Англия)

Барселона, Севилья, Ювентус және Ливерпуль өз алаңдарында қарсыластарын қабылдайтын болады. Алғашы матчтар 3-4 сәуірде өтеді. Қарымта ойындар келесі аптаға белгіленген. Айтпақшы, бұл кезеңдегі орталық ойын Реал мен Ювентус арасныдағы матч. Былтырғы финалда бұл қос команда кездесіп мадриттік футболшылар жеңіске жеткен болатын. Биылғы финал Украинаның астанасы Киевте 26 мамыр күні өтеді.

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.