Астанада өтіп жатқан сотта прокурор дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің бұрынғы басшысы, коррупциялық қылмыс жасады деп айыпталған Бауыржан Мусинді сегіз жылға соттауды сұрады деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Бауыржан Мусин 2017 жылы наурыз айында «мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін қорғағаны үшін» пара алды деген күдікпен ұсталған.

Мусиннің қорғаушылары прокурор сұраған жаза мерзімімен келіспейді және айыптаушылар келтіріп отырған дәлелдер айыптау актісінде көрсетілмегенін айтады.

Былтыр қыркүйекте іс Астананың Есіл аудандық 2-сотында қарала бастағанда Бауыржан Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсеков іс бұл соттың қарауына жатпайтынын мәлімдеп, Астананың барлық судьяларына қарсылық білдірген. Сотталушы мен оның қорғаушылары бұған дейін істі кез-келген облыстық соттың қарауына беруді талап еткен.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, қылмыстық істі Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты қарап жатыр. Бауыржан Мусин сотта соңғы сөзін айтады, содан кейін сот үкім шығару үшін кеңесуге кетеді деп жоспарланған.

Бұған дейін Астана соты Мусинді қамаудан үйқамаққа шығаруды сұраған. Мусин мен тергеудегі бірнеше адам былтыр қарашада арнайы көлікпен сотқа алып бара жатқанда жол-көлік оқиғасы кезінде Мусин аяғын жаралап алған соң кейбір сотталушылар сотқа тергеу изоляторынан интернет байланыс арқылы қатысқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бұған дейін Мусиннің «кәсіпкерден жүйелі түрде пара алғанын» мәлімдеген. Жемқорлыққа қарсы қызмет Мусин алған параның жалпы көлемін 1,4 миллион теңге деп санайды. Министрлік Мусин ұсталған соң оның комитетте негізінен осы саланың қаржы-экономикалық мәселелеріне басшылық жасағанын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Жемқорлықпен күрестің қазақстандық ерекшеліктері

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі былтыр күзде құрылған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.