Көкшетаудағы «Автогородок»шағын ауданындағы Боровской көшесіндегі  67 үй жарғасында тұр. Тереңдігі 3 қабатты үймен бірдей шұңқырдан  9 қабатты үй апатқа ұшырауы мүмкін.

Жар шетіндегі жалғыз үй

2016 жылы жергілікті жеке кәсіпкер балалар қысы-жазы ойнайтын тастақ төбені ойын-сауық орталығын саламын деп қопарып тастаған. Бірақ, уәде етілген кешеннің қазығы да қағылмапты. Айнала жазды күні шаңға толып, шұңқырларға түсіп денесін жарақаттап алып жатқандар да бар екен.

Жар шетіндегі жалғыз үй

-Үлкен ұлым күн сайын итпен серуендеуге шығады. Не дегенмен, ұл бала ғой. Тыста жүргенді құп көреді. Бір жерін жарақаттап алама деп қорқамыз. Қызым осы тастардың арасынан өтемін деп аяғын сындырып алған. Жақында ғана гипсін шештік, — дейді Татьяна СТОЛЯРОВА

Бәрінен бұрын тұрғындар бұл терең шұңқырлар үйімізді апатты жағдайға алып келеме деп қорқады. Кәсіпкер үй айналасын әдей орға айналдырмағанын айтады. Ойын-сауық орталығын салуға әкімдік рұқсат бермепті.

-Мен ол жерді сатып алғам, жер менікі. Бірақ, ойын-сауық орталығын салмаймын. Оған комиссия рұқсат бермеді. Орнына 8 тоғыз қабатты үй салынады. Қазір құжатпен айналысып  жүрмін, — дейді zhasalash.kz тілшісіне кәсіпкер  Виталий ПРИШЛЕЦОВ.

Жар шетіндегі жалғыз үй

Виталий Пришлецов құрылыс жұмыстарының қашан басталып, қашан аяқталатынын да дөп басып айта алмайды. Тұрғындар қолайсыздық тудырған кәсіпкер үсітнен прокуратураға дейін шағымданыпты. Алайда, әзірге нәтижесіз.

Ерболат Асылбеков, Көкшетау қаласы

Фотолар автордікі

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.