Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — Ресейде түрлі-түсті сүт сатылымға шығады. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігі сүттің техникалық регламентіне өзгеріс енгізілгеннен кейін мүмкін болып отыр.

Сүттің көк, крем түсті  түрлері де болады. Бастапқы кезде тек көк түстісі сатылмақ. Сүттің түсі ғана өзгермейді. Майсыздандырылған сүтке түсін өзгертумен бірге тәтті дәм қосылады.

Министрлік сүт өнеркәсібін және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша ұсыныстарды  2025 жылға дейін дайындаған. Ұсыныстардың бірі – сүттің май құрамын анықтау үшін түрлі түсті бояғыштарды енгізу. Ең бастысы, бағдарлама сүт өндіру көлемін 1,3 млн тоннаға арттырып, 32,4 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Қазіргі кзеде Ресейде сүт тапшылығы 25% шамасында.

2017 жылы ресейліктер орта есеппен 236 кг сүт пен сүт өнімдерін тұтынды. Ал, негізігі норма – 325 кг. Ресейдің Сүт одағында бұған сауда желілерінде сүт бағасының артуы себеп болғанын айтады. Қазіргі кезде супермаркеттердегі сүттің бастапқы құны 50-100 пайызға артып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Ресейде көк түсті сүт сатыла бастайды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.