АҚШ-тың даңқты боксшысы Флойд МЭЙУЭЗЕР ағылшындық футбол клубы «Ньюкаслды» қаржыландыруы мүмкін. Бұл туралы zhasalash.kz dailymail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Интернет басылымның хабарлауынша, кәсіпқой бокстан бұрыңғы әлем чемпионы «Ньюкасл» клубына иелік ете алады. Сондай- ақ, Криштиану РОНАЛДУДЫ АПЛ-ға қайтара алады екен.

-Өткен жылы мен ол клубтың бірнеше ойыншысымен кездестім. Жақсы жігіттер екен. Мен жаңа бизнес ашу үшін қашанда ашықпын. Барлық спорт түрлерін жақсы көремін. Футбол менің ойыным емес. Алайда, менің барлық жерде таныстарым бар. Криштиану Роналду менің ескі досым. Сондықтан да оған карьераңды Ньюкаслда аяқта деп қолқа сала аламын, — дейді боксшы.

Ньюкасл футбол клубы 1892 жылы құрылған. Стадионы «Сент- Джеймс Парк» 1880 жылы ашылған болатын. 52 мың жанкүйер сыйатын Англиядағы ең ірі төрт стадионның санатына кіреді. 4-рет Англия чемпионатын жеңсе, 6-рет Англия кубогінің иегері атанған. 2007 жылдан бері бұл клубтың қожайыны Майк ЭШЛИ. Флойд Мэйуэзер көз тігіп отырған Реал клубының ойыншысы Роналдудың трансферлік құны120 миллион  еуро.

Фото: complex.com

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.