Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Халық банкі 2017 жылдағы жұмыстары бойынша есеп берді. Банктің өткен жылғы табысы 32 пайызға өсіп, 173,3 млрд теңгеге жетті деп хабарлайды LSM.kz. 

2016 жылы Халық банктің таза табысы 131,4 млрд теңгені құраған. Қазкоммерцбанктен бірігуінің арқасында Халық банктің активтері 65,6 пайызға өскен.

Пайыздық кіріс көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 52 пайызға артса, пайыздық шығындардың көрсеткіші 60,6 пайызға жетті. Ал қызмет көрсету және комиссия бойынша кіріс көлемі 51,9 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштің артуына Қазкоммерцбанкпен бірігуі себеп дейді қаржыинститутындағылар.

Еске сала кетейік, Халық банкі мен Қазкоммерцбанк 2017 жылы біріккен еді.

Запись Халық банктің 2017 жылдағы таза табысы 173,3 млрд теңгені құрады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.