«МММ» қаржы пирамидасын құрған Сергей Мавроди 63 жасында Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік бірнеше БАҚ хабарлады. Мавроди Ресей тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасының бірі — «МММ» компаниясы құрған. Ресми мәлімет бойынша, оның қызметінен 10 мыңнан астам адам зиян шеккен. Кәсіпкер 1990-жылдары Ресей Мемлекеттік думасының депутаты болған. Бірақ 1996 жылғы сайлаудан біраз уақыт бұрын мандатынан айырылып, «алаяқтық» және басқа да бірнеше айып бойынша күдікке ілігіп, іздеу жарияланған. Мавроди 2003 жылы тұтқындалған. Төрт жылға жалғасқан сот процесінен кейін судья кәсіпкерді алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айырған. Бұл іс бойынша 10 мыңнан астам жапа шекті деп танылған.

Сергей Мавроди – бірнеше кітаптың авторы, фильм мен сериалдарға сценарий жазған. Мавроди бостандыққа шыққан соң Африкада «МММ» қызметін қайта бастаған. Ол тап осындай атаумен Украинада партия құрып, 2012 жылы Ресей оппозициясы үйлестіру кеңесінің сайлауына кедергі келтіруге тырысқан. Мавроди 2018 жылғы президент сайлауына қатысуға ниетті екенін білдірген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.