Бүгін Қызылордада болған атыстан жаралған адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қызылорда қаласында 14-50 сағат шамасы кезінде Әйтеке би мен Желтоқсан көшелері қиылысында төбелес болып, бір адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа түскен еді.

«Науқас медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді.Дереу жан сақтау бөліміне жатқызылды.Сол мезетте «іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған.4-дәрежелі геморрагиялық шок» деген диагноз қойылған.Науқасқа шұғыл ота жасалды.Алайда көрсетілген көмекке қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде қайтыс болды»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Полицияның мәліметіне сүйенсек 7-8 адам төбелескен. Қазір бұған қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабы,3 бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы қамауға алыныпты. Қала ортасында күндіз оқ атып төбелескендердің аты-жөні тергеу мүдесіне орай айтылмай отыр.

Айнұр Манабай, Қызылорда

Фото:tengrinews.kz 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.