Астана. 28 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «J1-Jastar1» деп аталатын жаңа телеарнаның таныстырылымы өтті. Телеарнаның бас директоры Ильяс Искаков, директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары Ғалия Шаудырбаева, креативті продюсері Алпамыс Шаримов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Жастар арнасы 2018 жылдың 28 наурызында ID TV платформасында, ютуб және инстаграм әлеуметтік желілерінде іске қосылады. Болашақта Отау ТВ кабель жүйесі арқылы таратылуы жоспарланған. 

Бұл арна Қазақстан жастарының талаптарын қанағаттандыратын заманауи телевизиялық трендтерді тарататын, жастардың жобаларын, ой-пікірлерін қолдауға, сонымен қатар олардың арасындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған арна. Шоу бизнес саласын насихаттап кетпей ме деген журналистердің сауалына арна өкілдері: интеллектуалдық, спорт, танымдық, дебаттық бағдарламалардың басымдығын, 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға бағытталғанымен түрлі саладағы қызметкерлер, студенттер, оқушылар үшін де қызықты контент ұсынатындықтарын жеткізді. Мысалы, IT-шоу деген интеллектуалды шоу бағдарламасы біздегі БАҚ саласындағы жаңа формат дейді арнаның бас директоры Ильяс Искаков. Арнаның форматы –  жастар өміріндегі маңызды және қызықты оқиғаларды қамтыған бағдарламалардан, телехикаялар мен әлемдік кино саласының хиттеріне, денсаулық, бақыт, бала тәрбиелеу, білімдік, публицистикалық бағдарламалардан тұратын болады. 

Айдана Абдрахманова, “7”, Астана

Запись Жастарға арналған жаңа телеарна ашылды  впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.