Шахтада жарақаттанғандар өтемақы өсіруді талап етеді

33


Қарағандыда шахталарда жұмыс істеп, жарақат алған бұрынғы шахтерлар өтемақыларын өсіруді талап етті.  Олар «Қорғау» кәсіподағына көмек сұрап өтініш жасаған. 

«Қорғау» кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов «желтоқсандағы кеншілер ереуілінен кейін шахтерлардың айлығын өсірді. Осыдан соң өндірісте жарақат алған шахтерлар да өздеріне берілетін өтемақыны көтеруді талап етеді» дейді.

Кәсіподақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдаған. Алда осы мәселеге қатысты депутаттармен де кездесу өткізбек. 

Оқи отырыңыз: Кәсіподақ: АМТ жалақы өсуіне қатысты «асығыс» мәлімдеме жасады

Қазір Қарағанды облысында АМТ шахталарында жұмыс істеп, жарақат алған үш мыңға жуық адам бар. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.