Израиль әскерилерінің атқылауынан палестиналық оққа ұшты

29


Израиль танкінің атқылауынан бір палестиналық оққа ұшып, тағы бірі жараланды деп хабарлады шенеуніктер. Израиль әскерилері ақпаратқа қатысты комментарий беруден бас тартты. Газа денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Хан Юнус қаласы маңында атқылаудан бір фермер оққа ұшып, тағы бірі жараланғанын айтты. Бұл оқиға палестиналықтар Израильмен шекарада наразылық акцияларын өткізердің қарсаңында болып отыр.

Газа секторындағы палестиналықтар Израильмен шекарада алты апта бойы шатыр тігіп, палестиналық босқындарға қазір Израиль әскерилері орналасқан аудандарға баруына рұқсат беруді талап етпек. Осыған байланысты Израиль әскерилері шекара бойында қауіпсіздікті күшейткен. Наразылық акцияларын өткізуге Газа секторын бақылайтын Хамас ұйымы шақырған. «Хамас» акция бейбіт өтетінін, ал Израиль әскерилерінің ресми өкілі, бригада генералы Ронен Манелис Израиль зорлық-зомбылық болғанын қаламайтынын мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.