Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі елдегі инфляцияны 2018 жылдың соңына 5-7 пайыз және 2019 жылдың соңында 4-6 пайыз деңгейінде болжап отыр. Ол туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты.

ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы айтқандай, базалық мөлшерлемені төмендету жөніндегі шешім 2017 жылғы оң нәтижелермен және 2018 жылы ахуалды оңтайлы дамытудың күтілумен негізделді.

«2018 жылы базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім сыртқы нарықтарда және сауда әріптес елдерде оң үрдісті нығайту аясында болжамды инфляция көрсеткіштерінің жақсаруымен, сондай-ақ 2018 жылы инфляциялық күтулердің төмендеуінің жалғасуымен негізделді», – деді Д.Ақышев.

Бұл ретте қаржы реттеушісінің басшысы, жалпы алғанда ақша-кредит талаптарының бейтараптығына Ұлттық банктің әлі де талпынатынын атап өтті.

«Базалық мөлшерлеменің ағымдағы траекториясы біздің инфляция жөніндегі қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдердегі болжамдарымызды ескере отырып қалыптасты және инфляция бойынша 2018 жылдың соңында 5-7 пайыз және 2019 жылдың соңында 4-6 пайыз белгіленген болжамдарға қол жеткізуге әсер етеді», – деді Д.Ақышев.

Запись Ұлттық банк жуырдағы екі жылда Қазақстандағы инфляцияның төмендеуін болжайды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.