Бүгін таңертең Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық аймағында екі рет жер сілкінді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Астана уақытымен сағат 7:18 кезінде Алматыдан шығысқа қарай 720 шақырым қашықта 5.0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы 5 километр тереңдіктегі жер қабатында болған.

Ал таңертеңгі сағат сегіз жарым шамасында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 397 шақырымда 4.7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы 15 километр тереңдікте деп хабарланды.

Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түспеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.