Бүгін Forbes Kazakhstan  редакциясының сайтына тінту жүргізу үшін шамамен 12.30 полиция келді. Бұл туралы forbes.kz сайты хабарлайды.

— Бүгін редакцияға Алматы ІІС департаментінің екі шұғыл тергеу тобы келді. Бірі тінту жұмыстарын жасаса, екіншісі журнал редакторының орынбасары Александр ВОРОТИЛОВТЫ тұтқындады,-дейді Forbes Kazakhstan  шығарушысы Арманжан БАЙТАСОВ. – Қазір тергеу жүргізіп жатқан адамдарға сауалымыз бар. Олар телефон арқылы біреулерден кеңес алып жатыр. Оны көзімізбен көріп тұрмыз. Тінтуге рұқсат беретін қаулыны қолымызға ұстатқылары келмейді. Заңның бір баптарына сүйенген болады. Мен қаулыны көзіммен көрмедім. Заңгер көрсетті. Суретке түсіріп алуға рұқсат бермеді.

Редакция қызметкерлерін қазір кабинетте ұстап отыр. Журналисттердің көзінше тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұялы телефондарын тәркілеп алған.

 Фото: forbes.kz

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.