Наурыз айының 1-і мен 31-і аралығында әлеуметтік  медициналық    сақтандыру қорына 7,7 млрд теңге түскен.

Осы қордың байланыс департаментінің мәлімдеуінше,  әлеуметтік медсақтандыру жүйесі іске қосылғаннан бері, яғни,  2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін  шотқа  55,1 млрд теңге қаржы аударылған.

Оның ішінде, 46,8 млрд теңге (85% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 15%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалардікі.  

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.