Тәжікстан тоғыз жыл үзілістен кейін Өзбекстанға электр қуатын беруді қайта жалғастырды. Ресми мәліметке қарағанда, Тәжікстан жазғы уақытта көрші елге 5 миллиард киловатт электр қуатын тасымалдай алады.

Тәжікстанның «Барки точик» компаниясы төрағасының орынбасары Махмадумар Асозода Өзбекстанға электр қуатын жеткізуге қатысты барлық жұмыс аяқталып, көрші мемлекетке электр қуаты экспорттала бастағанын хабарлады. Оның сөзінше, Тәжікстан энергия жүйесі Орталық Азияның айналма энергия жүйесіне қосылуына байланысты жоғары вольтты станцияларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Енді Тәжікстан жыл сайын жаз мезгілінде Өзбекстанға бір киловаты 2 центтен 1,5 миллиард киловатт электр қуатын тасымалдай алады.

«Барки точик» компаниясы электр қуатын сонымен бірге Қазақстанға да экспорттауға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Холдинг мәліметінше, Тәжікстан жаз мезгілінде Қазақстанға да 5 миллиард киловатт электр қуатын экспорттай алады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.