АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Балтық бойы елдері — Латвия, Литва және Эстония президенттерін қабылдады.

Трамп кездесуден соң өткізген баспасөз конференциясында АҚШ Балтық бойы елдерінің тәуелсіздігін қолдай беретінін айтты. Оның сөзінше, АҚШ бұл саясатын Совет одағы Балтық елдерін оккупациялап алған жылдары да ұстанып, бұл елдердің СССР құрамына қосылғанын мойындамаған. Трамп Латвия, Литва және Эстонияны тәуелсіздігінің 100 жылдығымен құттықтады. Ол АҚШ Балтық елдерімен қорғаныс және экономика салаларында ынтымақтастық орнатқанын айтты.

Литва президенті Даля Грибаускайте Балтық елдерінің АҚШ-пен ынтымақтастыққа берік екенін мәлімдеп, НАТО елдерінің сыртқы жаудан қорғауда ұжымдық қауіпсіздік саласындағы міндеттеме алғанын еске салды.

Бұған дейін Дональд Трамп Литва президенті Даля Грибаускайте, Латвия президенті Раймондс Вейонис және Эстония президенті Керсти Кальюлайдті қабылдағанында «АҚШ президенттерінің ешқайсысы» Ресейге қатысты өзі сияқты осыншалықты қатаң саясат ұстанбағанын мәлімдеген. Дегенмен ол бұған дейін атқан Ресеймен қарым-қатынас орнатуды артық көретіні және онысымен «ақымақтардан басқаның барлығы» келісетінін тағы қайталады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.