Алматы. 9 ноября. 7kun.kz — Сыртқы қолайлы жағдайлар және қысқа мерзімді ауытқуларды реттеуге бағытталған Ұлттық Банк шараларының нәтижесінде қол жеткізілген валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығы туралы ҚР Парламентінің Сенат отырысында баяндамамен сөз сөйлеген Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтып берді, деп хабарлайды банк баспасөз қызметі.

«Айырбастау бағамы 8 қарашадағы жағдай бойынша бір АҚШ доллары үшін 333,76 теңгені құрады. Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимі сақталған жағдайда инфляциялық таргеттеу саясатын ұстануды жалғастырады. Ұлттық Банк қызметіндегі негізгі мақсат – бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны белгіленген нысаналы диапазон шеңберінде ұстап тұру», — деді О. Смоляков.

Оның айтуынша, инфляция 2017 жылғы он айда 5,4 пайызды құрады. Қазанда жылдық көрсеткіш бойынша инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% дәліз ішінде болып, 7,7 пайызды құрады. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды Ұлттық Банк толық көлемде қолдануда. Экономиканың ұзақ мерзімді орнықты өсуі және халықтың игілігін арттыру баға тұрақтылығының негізі болып табылады.

Сонымен бірге О.Смоляков ақша құнының негізгі индикаторы базалық мөлшерлеменің мәні қазіргі уақытта 10,25 пайызды құрайтынын атап өтті.

О.Смоляков 2017 жылдың 9 айында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 32,2 млрд АҚШ долларын құрап, 9,1 пайызға ұлғайғанын айтты. Ұлттық қордың валюталық активтері 57,1 млрд АҚШ долларын құрайды, ал ел резервтерінің жалпы сомасы ІЖӨ-нің 60 пайызын құрай отырып, 89,3 млрд АҚШ доллары болды.

«Депозит нарығында шетел валютасындағы салымдар үлесінің жыл басындағы 55 пайыздан қазіргі кездегі 49 пайызға дейін төмендеуі байқалып отыр. Валюта нарығындағы тұрақтылық және инфляция деңгейінің төмендеуі теңгемен жинақтауды одан әрі ынталандыратын болады. Жылдың басынан бері банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 13,2 трлн теңгеге дейін 4 пайызға өсті. Ұлттық валютамен кредиттер беру көлемі 11 пайызға (906,5 млрд теңгеге) немесе 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме қыркүйекте 14 пайызға дейін төмендеді», — деді О.Смоляков.

Қорытындылай келе ол банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті: «Банктерді қалыпқа келтіру және экономиканы кредиттеуді жандандыру үшін ынталандыру қазіргі сәтте жүргізіліп отырған Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының нәтижесі болады».

Запись Ұлттық банк: 2017 жылғы он айда инфляция 5,4 пайызды құрады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.