Шет аудынына қарасты Шопа аулының 147 тұрғыны екі өзеннен аққан судың ортасында қалды. Тұрғындар азық түліктерін ауылға кіргізіп үлгермеген. Ал, полицейлер аудан әкімінің бұйрымен ауылға кіретін жолды үш шақырым жерден жауып тастаған.

Өзен суының көтерілуінен мектеп оқушылары тағы да апталап үйде отыруға мәжбүр.

Міне, демалысым кеше ғана бітті, біздің балалар тағы үйде отыр. Арасында он бірінші сынып оқушылары бар. Ертең олар жоғарғы оқу орынына қалай түспек? Ауыл селдің ортасына жыл сайын қалады. Мұны шенділер жақсы біледі. Биыл, әрекет те жасамады,- дейді ашуға булыққан тұрғын Марат Дүйсембеков.

Шопа ауылының балалары 17 шақырым жердегі Нұраталдыға қатынап оқиды. Балаларды бір апта мектепке жібермеуін өтініп, ата-аналардан қол жинаған мектеп директоры Гүлжан Әбікеева сел кезінде оқушыларды алып кете алмайтындарын айтады. 

Таңертен келгенде мынадай су болмаған. Вы что, енді бұл жерден балаларды шығару қауіпті. Жыл сайын науырыздың он бесіне қарай оқушыларды көрші ауылға алып кетуші едік. Мектепте оларға орын дайындап қоятынбыз. Біз кеше алуға келдік, үлгермедік,-дейді директор. 

Бүгінде ауыл тұрғындары мен ауыл әкімі су жағасының екі жағында тұрып тілдесуде.

Қарағанды облысында 147 адам селдің ортасында қалды

Ал, тұрғындар 25-50 келілік ұнды иықтарына салып, үш шақырым жерден ауылға тасып келген. Себебі, суға дейінгі құрғақ жерден бастап қоршау қойылған. Енді тұрғындар мәселенің мән-жайын білмек болған аудан әкімінің орынбасарына «газ балоны мен ұнды иығына салып алып кел» деген.  Ауыл тұрғындары жол  мен көпір мәселесі жылдар бойы айтылып, жауыр болған мәселе дейді.

 —Жыл сайын көлік жүретін жолды шайып кетеді. Оны басшылар көреді. Бірақ ештеңе жасағылары келмейді. Көпірдің сиқы мынау. Апатты. Осы жерден балалар мектепке барып келіп оқиды. Сонда бір баланың ажалын күтіп отыр ма? Жол жасаймыз дегелі кемінде он жыл өтті,- дейді осы ауылдың тумасы Жібек Рахымбекова. 

Ал, әкім-қаралардың ақталуға сөзі дайын. 

Ауылды біз былтыр ғана тіркеуге алдық. Тіркелмеген ауылға бюджеттен қаржы берілмейді. Тіптен біз сұрай алмаймыз. Енді биыл жолдың мәселесін қарастырып, шешеміз. Жұрт айтатын аспалы көпір біздің балансымызға жатапайды. «Қазгидрометтің» еншісіндегі көпір. Оның апатты екенін тұрғындарға бірнеше мәрте айттық. Бірақ, көпір мәселесін біз шешпейміз, — дейді Шет ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Мұхитов.

Жергілікті басшылардың мұндай сөздерінен  көңілдері қалған тұрғындар тасыған өзен тезірек сабаса түссе екен деп жүр. 

Айман Сағатай

Қарағанды облысы

фото автордікі

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.