Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Сот домендік аймақтардағы «.қаз» және «.kz» интернет-домендік атауларды тіркеу нарығына картельдік келіссөз жүргізу фактісінің анықталуына байланысты шешім шығарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Комитет хабарламасында, бұған дейінгі тергеу нәтижелері бойынша Қазақстандық IT-қауымдастығының 2015 жылғы 13 қаңтардағы №1 бұйрығы бойынша домендік атауларды тіркеушілердің тіркелу құнын анықтау заңсыз деп жарияланғаны және монополияға қарсы органның бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 16 қыркүйектен бастап жойылғаны туралы жазылған.

«Комитет барлық тіркеушілерді Қазақстандық IT-қауымдастығының жоғарыда аталған бұйрығының заңсыз деп танылғанын және жайылғанын ресми түрде хабардар етті. Сондай-ақ, монополияға қарсы заңнаманың келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер ережелерін және олар үшін қарастырылған әкімшілік жауапкершілікті түсіндірді. Сонымен қатар, кейбір жекеленген тіркеушілер бұған қарамастан («Қазақтелеком», «PS Интернет компаниясы» , «Hoster.KZ», «CyberAge», «HOST.KZ», «Зебра Телеком» және «GFX») Қазақстан IT-қауымдастығы негізсіз белгілеген және соттар жойған қызметтер құнын қолдады», – деп мәлімдеді.

Аталған компанияларға 7 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінгі күні мемлекеттік бюджетке 4,6 млн теңгеден астам қаржы төленді.

Запись Қазақстандағы IT-компанияларға 7 млн теңге айыппұл салынды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.