5 сәуірде Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «V халықарылық Фараби оқулары аясында ЮНЕСКО білім беру бағдарламасын қолданудағы прогресс: Тұрақты даму парадигмасы» атты форум басталды. Форумға АҚШ елшілігі, Британ кеңесі, Ауғанстан елшілігі, Қырғызстаннан және Қазақстандағы журналистика мамандығы бойынша білім беретін оқу орындарының өкілдері келген. Форумға қатысушылардың бірі халықаралық журналист Қуандық Шамақайұлы «Бұл жерде басты мәселе – Қазақ баспасөзінің ақпарат алу мүмкіндігі айтылып жатыр. Ақпаратты бір ғана көзден емес, бірнеше бұлақтан алу мәселесі. Әсіресе қазақтілді журналистикадағы ақпараттың шынайылылығын, бейтараптылығын сақтау, ақпаратты түпкі бұлағынан алу» дейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша екі күнге созылатын форум кезінде журналистика саласындағы білім беру модельдері және оны халықаралық деңгейде қарастыру мәселелері талқыланып, сөз бостандығы, пікір алуандығы жөнінде пікір алмасылады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.