Астана. 6 сәуір. 7kun.kz – Астана әкімі Әсет Исекешев елорданың құрылған сәтінен бастап қазіргі қол жеткізген жетістіктері мен жақсы нәтижелері туралы Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте баяндады деп жазады Elorda.info. 

«Астана өзінің  20 жылдығында  – бірінші кезекте, Сіздің идеяларыңыз бен жеке қолдауыңыздың арқасында  әсем қала және қазіргі замануи қала ретінде бүкіл әлемге әйгілі және маңызды диалогтар алаңы ретінде танылды. Осы жылдар ішінде елорда әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін көрсетуде. Қаланың жалпы өңірлік өнімі 5 триллион теңге деңгейіне жетті. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда экономикасы 2 есеге артып, 4,8 пайызға жетті», – деді Астана әкімі.

20 жылдағы жалпы инвестиция көлемі шамамен  8 трлн теңге. Өткен жылы инвестициялар көлемі 3 пайызға өсіп, рекордтық көлемде 945 млрд  теңгеге жетті. Оның ішінде 200 млрд теңге – тікелей шетелдік инвестицияны құрайды. Бюджеттен тыс инвестициялардың өсуін атап өткім келеді және олардың үлесі шамамен 80 пайызға жетті.

 

Запись Исекешев: Астананың өңірлік өнімі 5 трлн теңгеге жетті впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз:7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.