Russia's President Vladimir Putin, left, and Russian metals magnate Oleg Deripaska, right, walk to attend the APEC Business Advisory Council dialogue in Danang, Vietnam, Friday, Nov. 10, 2017. (Mikhail Klimentyev, Sputnik, Kremlin Pool Photo via AP)

6 сәуір күні АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресейдің 24 азаматы мен 14 компанияға қарсы санкциялар енгізді. Осы санкциялық тізімге ілінгендердің АҚШ-тағы активтері тұтқындалмақ, АҚШ азаматтары мен ұйымдарына санкция салынғандармен бизнес әріптестік орнатуға тыйым салынды.

АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, санкциялық тізімге мына олигархтар ілінген: Владимир Богданов, Олег Дерипаска, Сулейман Керимов, Игорь Ротенберг, Кирилл Шамалов, Андрей Скоч, Виктор Вексельберг. Сондай-ақ бұл олигархтарға тиесілі компанияларға қарсы санкциялар қолданылмақ. Бұл жолы Ресейдің лауазымды тұлғалары ғана емес, Путин төңірегіне жатпайтын, Украина немесе Сириядағы оқиғаларға қатысы жоқ, бірақ Батыста активтері бар олигархтар санкцияға алынды.

Жаңа санкциялық тізім жариялана салысымен ресейлік олигархтар мұның зардабын тарта бастады. Бұлардың арасынан ең көп шығынға батқан – Олег Дерипаска.  Оған тиесілі «Русал» компаниясының акциясы 12 пайызға, ал En+ Croup акциясы 20 пайызға құлдыраған.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.