BBC Сирияның Шығыс Гута аймағындағы Дума қаласында химиялық қару қолданылып, одан кемінде 70 адам мерт болғанын хабарлады. Алайда Сирия билігі бұл қалада химиялық шабуыл болғанын жоққа шығарды. Ал Сириядағы ахуалды бақылайтын еріктілер мен дәрігерлер тобы химиялық шабуыл мен одан көз жұмғандар жөнінде әрқилы ақпарат таратып отыр. Мәселен, Сирия оппозициясын қолдайтын Гутаның медиа орталығы химиялық шабуылда зарин газы қолданылып, одан 75 адам қаза тапты деген деректі келтірсе, медициналық ұйымдар орталығы шабуылдан мерт болғандар саны одан көп болуы мүмкін екенін алға тартады.

АҚШ мемлекеттік департаменті Думада химиялық қару қолданылғаны расталса, бұған Сирия үкіметі мен Асадты қолдайтын Ресей жауапты болатынын ескертті.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.