Өздерін оппозициядағы белсендіміз деп санайтын бір топ Брюссельде экс-премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен бірігіп, «Жаңа Қазақстан» атты форум өткізіп, «билік транзитін» талқылап жатқан тұста, Мұхтар Шахановтың даулы мәлімдемесіне шымданған Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары ақынды Жазушылар одағынан шығарып, жауапқа тарту мәселесін көтерді.

Жалпы,  М.Шахановтың даулы мәлімдемесіне қатысты «Жас Алаштың» қоржынына түсіп жатқан базына, шағым, араша шаш-етектен. Газет бәріне ортақ мінбер! Тараптарға теңдей сөз бердік. Мұхтар Шахановтың қандай күрескерлігін жазушы Тұрысбек Сәукетаев өзінше бағаласа, Жұма-Назар Сомжүрек «Мұхаңның ерліктерін көре алмайтындар көп» дейді.

Жазушылардың сөзсабасынан бөлек бүгінгі газетте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «ауыл жастары жалқауланып барады» деп сұхбат берді. Әкімнің қала жастары мен ауыл жастары туралы айтқан ойын дұрыс-бұрыс дей алмаймыз, өйткені ондай төрелікті айту оқырманның өз міндеті болса керек.     

География институтының аға ғылыми қызметкері С.Әбдірахманов Павлодарға қосарланып қолданылып жүрген Кереку атауының қазаққа еш қатысы жоқтығын дәлелдеп жазады.

Ал медиа сарапшы Руслан Желдібай «Отандық масс-медиа неге мұхтаж?» атты мақаласында сыннан көз ашпайтын телеарна «базарының» айтылмайтын ішкі жағдайын талдайды. Сондай-ақ, соңғы кездері түрлі жиындарда төбе көрсетіп, әртүрлі ұсыныстар айтып, үйіп-төгіп тапсырма беріп жүрген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «қожайыны» Тимур Құлыбаевтың тариф құнын арзандатуға келгенде неге тырс етпейтіні де газетіміздің осы санында.  

Бұдан да басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартты.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.
Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.