Брюссельге барған бір топ — саясаттанушы, саясаткер, журналисттер, азаматтық белсенділердің «Жаңа Қазақстан» форумын құрып, елдің бүгінгі мен болашағын кеңескен отырыстары ел ішінде әлі талқыланып жатыр. Біреулер биліктің кезекті жобасы деп жар салса, енді бір топ оны Әблязовқа қарсы әрекетке балайды. Тіпті «мұндай форумды ел отырып неге ұйымдастырмайды?» деп аспаннан түскендей болып жатқандар да бар. Осы алып-қашпа әңгімелерге Әмір Қосановтың бүгінгі сандағы сұхбатынан жауап табуға болады.

Брюссельдегі бас қосуға біреуге үмітпен, біреуге күдікпен қарап жатқанда АҚШ тың Ресейге салған кезекті санкциясының әсерінен рубль тағы да құнсызданып шыға келді. Рубль еркін жүзуді үйреніп жатқанда оның қас-қабағына тәуелді теңге қарап қала ма? Ол да қалтақтаған қайықтай тербеліп шыға келді. Дегенмен сарапшылар теңгенің тербелісі ұзаққа бармайды, тұрақталады деп тыныштандырып отыр. Сарапшылардың не дегенін де осы саннан көресіз.

Доллар қымбаттап, «Жаңа Қазақстан» форумы сөз болып жатқан тұста ғалым Саят Ыбыраев бостандыққа шығып, ол үшін жылдар бойы билікке ашық хат жазған ғалымдар, зиялылар, саясаттанушылар және басқа азаматтардың үміті ақталды. Ал Қазақстан болса, Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымының баяндамасында айтылғандай, демократиясы құлдырап кеткен елдердің қатарына бір-ақ шығыпты. Бұрын да жетісіп тұрғаны шамалы еді, енді тіпті автократиялық режим мықтап орныққан елге айналыпты.

Бұдан да басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартты.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.
Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.