?????????????

Ақтөбедегі Левон МИРЗОЯН атындағы көше Әлихан БӨКЕЙХАН атына алмастырылады. Бұндай шешімді 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдады. Бұл туралы zhasalash.kz сайты azattyq.org сілтеме жасап хабарлайды.

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым ТӨЛЕУБАЕВАНЫҢ хабарлайынша, идеологиялық тұрғыдан ескірген тағы да 25 көшенің атын ауыстыру туралы шешім қабылданыпты. Қалада Левон Мирзоянның ескерткіші де бар. 2017 жылы қала белсенділері ол ескерткішті алып тастау туралы бастамада көтерген. Әлеуметтік желіде 20-ғасыр басында Қазақстанды басқарған азаматтың Сталиннен тағы да жазықсыз жандарды жазалауға рұқсат сұраған хаты жарияланған еді. Әзірге (бұрыңғы) Мирзоян көшесіндегі ескерткішті кімдердің алатыны белгісіз.

«Мирзоянның көшесі өзгерді, енді ескерткіш мәселесі қаралады. Таяуда комиссия отырысы болып, сұрақ көтеріледі. Негізі қала территориясында орналасқан ескерткіштің барлығы жергілікті маңызы бар болғандықтан оған әкімдік жауапты. Бәрі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансында тұр. Аудандағы ескерткіштерге — аудандар, мекеме ауласындағы ескерткіш мекемеге тіркеледі. Сондықтан комиссия шешімін қалалық әкімдік орындайды. Мирзоян ескерткіші тізімде жоқ болған соң бәрі комиссия шешіміне байланысты болады»,- деген еді жыл басында  Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Маржан ҚОРҒАНБАЕВА inform.kz агенттігіне.

Одан бері арада төрт ай өтседе әзірге ескеркішті алып тастау мәселесі шешілмей тұр. Азаттықтың ақпаратына сүйенсек Ақтөбе қалалық әкімдігі Мирзоян ескерткішін алып тастау туралы шешім қабылдамапты.

Фото: azattyq.org

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.