Бүгін 14 сәуір күні Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ Ошқа қарапайым рейспен ұшты. Мемлекет басшысының көпшілікпен жолға шыққанын жолаушылардың бірі байқап қалған. Бұл туралы zhasalash.kz kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

kaktus.media сайтының хабарлауынша, Қырғыз басшысы туған жері Ош облысы, Қара-Құлжа ауданына қазаға барған. Оның Қанторы ТОҚТАМАТОВ атты ағасы 69 жасына қараған шақта дүниеден озған. Қырғыз президенттерінің арнайы ұшақтан бас тартуы бірінші рет емес.

Қырғыз президенті көпшілікпен бірге ұшады

2010 жылы (сол кездегі президенті) Роза ОТЫНБАЕВА он бес үкімет мүшесімен АҚШ-қа ресми сапарға чартерлік рейстен бас тартып аттанған еді. Қатардағы рейспен ұшу бастамасын Роза Отынбаева көтерген болатын. Сол сапарда олар 250 мың АҚШ долларын үнемдеп қалған.

Фотолар: sputnik.kg, 24.kg

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.