Әкімнің орынбасары мас күйінде кісі қақты

437

Кешегі жексенбі күні кешкісін Риддер қаласында қайғылы оқиға орын алды. Сағат 21 шамасында қаладағы Айдарханов көшесінің бойымен жол жиегінде бейқам кетіп бара жатқан 19 жастағы азаматты көлік қағып,  оқиға орынында көз жұмды.

Жас жігіттің тосыннан қазаға ұшырауына себепкер адамның Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев екені белгілі болып отыр. Оқыс оқиға облыс әкімдігін де тік тұрғызды. Оқиғаны растаған ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына қатысты тергеуді облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасына сәйкес, ішкі істер департаментінің басшысы тікелей бақылауына алыпты.

«BMW Х 5» маркалы автокөліктің тізгініне мас күйінде отырған қала әкімінің орынбасарына Риддер қалалық ІІБ Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 – бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын мәлімдеді.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.