Бүгін Алматы жауыны Көкжиек шағынауданының көп қабатты тұрғын үйінің халқын әбігерге салды. 5-ші сәуір күні өртке оранған үйдің шатыра әлі жасалмағандықтан ғимаратқа су өткен. Бұл туралы zhasalash.kz сайты хабарлайды.

Бұл тұрғын үйдің тұрғындарының бірі Динар КАМИЛОВА facebook.com әлеуметтік желісінде журналисттерден көмек сұрады.

«Көкжиектіктердің» күні қараң

«Көкжиекте өртенген үйдің киген кебі осы. Өткенде Отандық арналардан əкімдіктегі жандайшаптардың бəрі «санаулы күнде қатырамыз»-деп, уəдені үйіп төкті. Ал, шатыр болса, əлі жабылмаған. Мына жаңбырдан соң тұрғындарға үйлеріне қайықпен кіруге тура кеп тұр. Өздеріңіз көріп тұрғандай үйімізді тұтастай су басып жатыр. Электр қуатын тағы өшірді. Ет сүтімізді, бала-шағамызды арқалап енді тағы қайда сабыламыз?! Жергілікті билік бұл мəселені қашан шешіп береді? Құрметті журналистер, заңгерлер көмектеріңіз ауадай қажет», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.

«Көкжиектіктердің» күні қараң

Бұл үйден пәтерді тұрғындардың көбі ипотекалық несие арқылы алған. Өрт болғалы он бір күн өтседе жөндеу жұмыстары жасалаған жоқ. Бұған дейін жергілікті билік өкілдері өрттен зардап шеккен нысанға қаржы бөлінбейтінін айтқан болатын.

«Көкжиектіктердің» күні қараң

«Әр үйдің өз қожайыны болады. Бұл үйлерге банк жауапты. Өйткені, ипотекалық несиеде. Ал, қалғандары заң жүзінде әр тұрғынның өз атында. Біздің елде баспананы сақтандыру туралы заңды ешкім алып тастаған жоқ. Сақтандыру керек еді. Сондықтан, қалалық бюджеттен бір тиын төленбейді»,деген еді Жетісу ауданы әкімі  Мұхтар ТӘЖІБАЕВ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.