Қарағанды облысы, Оскаров ауданына қарасты 600 жуық тұрғыны бар Николаевка ауылының жартысы кенеттен кірген қар суының астында қалды. Үйлерге кірген су 80 сантиметрге дейін көтеріліпті. Қызыл суды күзетіп отырған шенділер халық су ортасында қалғанда асықпай дабыл қаққан.

Халықтың қызыл суға еті үйреніп кеткен

«Мен далаға үйде жүрген киіммен шығып кеттім. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен әкімшіліктен қандай да бір ескерту алмадық. Жағдай бір қалыпты дегенді ғана естідік. Солай отырғанымызда кешкілік ағынды су бүйірден келіп, үйлерді шайып кетті. Енді заттарды, дүние мүлікті кептіріп әлек болып жатырмыз. Қартайған шақта мына бейнет тарттық. Комиссия мүшелері келіп, шығындарды тіркеп кетті»,- дейді зейнеткер Минера ЕСКЕНДІРОВА.

Халықтың қызыл суға еті үйреніп кеткен

Осыдан үш жыл бұрын тобықтыдан келген су тағы да кірген болатын бұл ауылға. Онда қардың қалың жаууы себеп болыпты. Ал, биылғы жайтты тұрғындар бақылаудың дұрыс жасаламай, жедел әрекеттің болмауынан деп түсінеді. Себебі, ағыспен аққан  қалың мұз бөгетті бітеп суды жібермеген. Сол арада ауылға баратын ескі арыққа су кетіп, 20 үйді су шайған.

Халықтың қызыл суға еті үйреніп кеткен

Ауыл халқы аман. Тек бір сиыр мен бес шошқа судан құтқарылмай қалған. Мәжит НҰРЖАНОВТЫҢ жолдасы ауруханада, ал өзі сол күні үйді жылытпақ болып,  пеш жағып жатқанда санаулы минуттың ішінде судың үйге қалай кіріп кеткенін аңғармаған.Тек құжаттарын қойынына салып, жан амандығымен сыртқа жүгірген. Ал, үй артындағы қора жартылай суға толып кеткен.

Халықтың қызыл суға еті үйреніп кеткен

«Қорада тұрған малдар өз еріктерімен шыға алмайды. Өрістен келген бетте жайғап, қораны жауып қойғанмын. Су үйге кіргенде, мен қораға барып үлгермедім. Бір сиырым өліп қалды. Комиссия, мал дәрігері көріп қағаздарына түртіп кетті. Бүлінген мүліктерді де тіркеді. Бірақ бұлардың барлығы өтелетініне сенбеймін. Төлейміз деп жатыр ғой акимат. Бірақ қайдам», — деп күрсінген ауыл тұрғыны Мәжит толыққанды шығының өтелетініне күмәнмен қарайды.

ТӨРЕЖАНОВТАР отбасы қазірден бастап едендерін қопарып, үйдерін жөндеуге кірісіп кетіпті. Суға кетпеген бірде бір мүлкі қалмаған. Отағасы  Марат атаның үйін үш жыл бұрын да су басқан. Ол кезде комиссия шығын мөлшерін екі жүз мыңға жуық төлеммен бекіткен екен.

Халықтың қызыл суға еті үйреніп кеткен

«Апат айтып келмейді ғой. Шығынның өтелуін күтіп отырсақ,  далада қонатын түріміз бар. Қазір балалар жабылып, еденді қопарып жатыр. Үйді кептіру керек. Киімдерің барлығы су. Жиһаздарда кетті. Көзді ашып жұмып үлгермедік. Үйдің жартысы суға толды. Қазір едендер ылғалдан көтеріліп кетті. Берсе сол 100 -200 мың беретін шығар»,- деп өзін сабырға шақырған Марат Төрежановтың  су шайю қаупіне еті үйренген сыңайлы.

Халықтың қызыл суға еті үйреніп кеткен

Кенеттен келген мұзды сылтаулатқан шенділер жағдай бақылауда болғанын айтып ақталды. Тіпті, күн күрт жылынып кеткеннен бері күнделікті кезекшілік те қойылған. Бірақ, ауылды судан құтқара алмаған.

Халықтың қызыл суға еті үйреніп кеткен

«Мұз ағыспен келді. Біз барлығын бақылауды ұстап отырғанбыз. Өзіміз де аңғармай қалдық. Қазір ауылдағы 20 үйге су кіріп, тұрғындарға тазарту жұмыстарын жүргіздік. Түсіндіру шаралары да болды. Арнайы комиссия мүшелері құрылып, солар шығын санын есептейді. Барлығы төленетін болады. Ал, бес шошқа мен бір сиырдың суға кеткені жайлы бізге шағым түскен жоқ. Сондықтан, мен ол жайлы білмеймін», — дейді  Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Руслан НҰРМАҒАНБЕТОВ.

Халық ағыспен келген қалың мұзды уақытылы жарып үлгергенде,  мындай жайтқа тап болмас едік деп отыр. Қауіптің жоқтығына сендіріп келген төтенше жағдайлар қызметкерлері де еш ескерту айтпаған.

Айман Сағатай, Қарағанды облысы

Фотолар автордікі

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.