«Жас Алаштың» бүгінгі санында: Жаңаөзен оқиғасы – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс

732

Жер дауына қатысты митингілерден кейін тұтқындалып, сотталған Талғат Аян сәуірдің 28 болмаса мамырдың 2 де шартты түрде бостандыққа шығады. Ал Макс Боқаевтың әл-әзір еркіндікке шығуы қиындау. Жер үшін қапаста отырған қос азамат ісінің жай-жапсарын газеттің бас тақырыбынан оқисыз.

Талғат пен Макс түрмеде жатса да азаматтық белсенділерді қуадалау тоқтамай тұр. Өткенде белсенді Ардақ Әшімді жындыханаға күшпен жатқызып тастағанын жазған едік, бұл санда Ардақтың қызы Айнұр Әшім анасының ешқандай жүйке ауруымен ауырмайтынын дәлелдейтін құжаттары бар екен айтып, анасына араша түсті. Әшімді әуреге түсірген жүйенің жүйкесі неге сыр беріп жатқанын «Анамның сау екенін дәлелдей аламын» атты материалдан көресіз.

Белсенділер азаматтық көзқарасы, күресі үшін тұтылып, алды істі болып, арты күшпен кереуетке таңылып жатса, айдың-күннің аманында, көшесінің ортасында адам пышақтаған шенділер байқамай «бұзақылық жасапты» деген жеңіл жазамен құтылып кетіп жатыр. Кімнің тұтылып, кімнің құтылғанын да осы саннан оқысаңыздар болады.

Сондай-ақ, бұл санда заңгер Абзал Құспанның сұхбаты жарық көрді. Белгілі заңгер Қазақстандағы заң жүйесінің күнгейі мен көлеңкесін жіліктеп айта келіп, Жаңаөзен оқиғасы ісіне де тоқталады. Қанды оқиғаның сот ісіне қатысқан ол тың деректер айтады. Ал Өзеннің айтылмаған шындығы уақытын күтіп әлі жатыр…

Бұдан да басқа сан түрлі әр саланың өзекті дүниелері оқырманға жол тартты.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.
Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы онлайн нұсқаға жазылған уақытыңыздың ақшасын +77012206452 нөміріне салып, түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.