Ақтөбеде облысында екпеден бас тартқандарды райынан қайтару мүмкін болмай тұр. Бүгінде  аймақта 2597 баланың ата-анасы әртүрлі себептермен  міндетті 11 екпені салдыртпапты. Мұндай ата-аналар  әсіресе, Алға, Мұғалжар, Темір аудандарында көп.  Мамандар олардың 70% жуығы қарсылықтарын  өздерінің діни ұстанымдарымен байланыстыратынын айтады.

Дін медицинаға қарсы ма?

-Былтырғы жүргізілген іс-шаралардың арқасында  300-ден астам адам вакцинасын жалғастырамыз деді. Биылғы жұмыстар да нәтижесіз емес. Егер  бірінші тоқсанды  қорытындылайтын болсақ,  57 адам екпе алуға келісімін берді,- дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.Мұхтар СЕРБАЕВ.

Екпе десе ат-тонын алып қашатындардың дені дін жолындағылар. Сөзге тартсаң, мәселе біздің діни көзқарасымызда емес дейді. Сондай пікірдегілердің бірі – Ахмет МУТАЛИЕВ. Жігіттің екі баласы бар. Тұңғышына тиісті екпенің барлығын жасатқан. Ал қызы дүниеге келгенде, ойланып қалыпты.

Дін медицинаға қарсы ма?

-Бұл жерде себепті менің діни ұстанымымнан іздеудің, сонымен байланыстырудың қажеті жоқ. Қызымның аллергиясы бар. Ол вакцинаны алғанда тағы да реакция берсе не болады? Мен баланың денсаулығы үшін алаңдағандықтан, екпе алмай жүрмін. Сондықтан, салатын екпенің құрамын білгім келеді. Тағы бір ұсынысым- екпені жасаған, соған кеңес берген мамандар жауапкершілікті өз мойнына алып, бізге, ата-анаға қолхат берсе. Бұл сенімді болу үшін қажет, — дейді Ахмет Муталиев.

Қазір ақтөбелік дәрігерлер жанына иммунолог пен имамды ертіп, үй-үйді аралап жүр. Ондағы мақсат- халыққа екпенің еш зияны жоқ екенін түсіндіру.  Мамандар әр кездесу сайын вакцина алмағанның соңы қандай қатерге соқтыратынын түсіндіруден жалықпайды.   Дәлел де, дәйек те келтіреді.

Дін медицинаға қарсы ма?

-Энцефалит, қызылша, туберкулезден   қауіптенеміз. Былтыр екі бала  туберкулезге шалдықты. Поратит пен қызылшамен ауырғандар да болды. Осының бәрі екпе алмағаннан. Жалпы, егер бала  қызамықпен ауырса, әсіресе, қыз балалар, олар кейін өмірге дімкәс бала әкелуі  мүмкін.  Ал ер балаларда  орхит болса, 100% ұрық болмай, баласыз қалады өмір бойы , — дейді   медицина ғылымдарының кандидаты Галина ЖҰМАҒАЛИЕВА.

Зада Зейін, Ақтөбе

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.