АҚШ қаржы министрлігі Венесуэланың он азаматына санкция салды. Олардың арасында Венесуэланың мәдениет және ауыл шаруашылығы министрлері, осы елдің Италиядағы елшісі мен басқа да шенеунктері бар. Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде олардың сайлаудағы заң бұзушылықтарға, цензура мен коррупцияға қатыс бар болуы мүмкін екені айтылады.

8 қарашада Еуропа Одағындағы (ЕО) дипломатиялық дереккөздері ЕО да Венесуэлаға қарсы санкция салуға келіскенін хабарлаған. ЕО санкциясы Венесуэлаға қару-жарақ пен тыңшылық жасайтын құрал-жабдық жеткізуге тыйым салуды қарастырады. Қарашаның басында Канада да Венесуэлаға қарсы санкциясын кеңейтіп, бұл елге экономикалық және виза шектеуін енгізген.

Биыл сәуір айынан бері Венесуэлада іс басындағы прездиенті Николас Мадуроның өкілеттігін кеңейту әрекеттеріне байланысты наразылық акциялары өтіп жатыр. Қазан айында оппозиция Мадуроның жақтастары жеңген аймақтық сайлаудың нәтижелерін мойындаудан бас тартқан.

217 жылы Венесуэладағы саяси тұтқындар Сахаров сыйлығына ие болған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.