Тәжікстан байланыс қызметі сауда орындары, базар, мейрамханалар мен қоғамдық орындарда сымсыз Wi-Fi интернетті пайдалану және сатуды тексеруді тапсырды.

Сауда орталықтары және мейрамхана қожайындары байланыс қызметі өкілдерінің ғимаратта Wi-Fi роутерлердің қолданылуын текскеруге келгенін хабарлады.

Байланыс қызметінің басшысы Бег Сабур 11 сәуірден бастап Wi-Fi қолданатын барлық мекемелерді тексеруді тапсырған.

Биліктегі дереккөздің хабарлауынша, тексеру «Байланыс туралы» заңға байланысты жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тобының өкілдері «қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін» деген себеппен Wi-Fi құрылғылардың нөмірлерін жазып алып жатыр.

Тәжікстандағы мобильді операторлар қауымдастығының төрағасы Гафурджон Иркаев байланыс қызметінің тексеру жүргізуге хақы бар дейді. Ол Wi-Fi қызметін пайдалануға арнайы рұқсат алу оның бағасына әсер ететінін айтады. Бұдан былай кез-келген кәсіпкер сымсыз интернет орнату үшін, биліктен арнайы рұқсат алу керек.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.