Алматы. 10 қараша. 7kun.kz — Ресейдің Челябі қаласында Қазақстан және Ресей мемлекет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде Назарбаев пен Путин жер қойнауын пайдаланудың тәуелсіз құқығын іс жүзіне асыру мақсатындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шектеу туралы келісімнің хаттамасына қосымша хаттамаға қол қойды деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұл хаттама «Құрманғазы» жобасы бойынша келісімшарттық аумақтың ұлғаюын қарастырып, операторға төрт жылға дейін ұзартуға мүмкіндік қарастыратын алты жылдық мерзімге дейін қосымша барлау мерзімі беріледі.

«Құрманғазы» жобасы бойынша 100 пайыз өкілетті ұйым ретінде «ҚазМұнайГаз» есептелінеді. Еншілес компаниялар қатарында «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС (50 пайыз) мен «Роснефть» ҰК АҚ (50 пайыз) бар. Кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан.

Бұған дейін Каспийде 67 млн тонна мұнай қоры бар екені анықталған.

Запись Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шектеу туралы келісімге қол қойды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.