Жамбыл облысында медициналық анықтамалық алу үшін ауруханаларға барудың қажеті жоқ. Медициналық мекемеге барып денсаулықтың дұрыстығын растайтын анықтама сатып алу қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Енді дәрігерлер жаңа технологияға сүйеніп өз қызмет түрлерін жетілдіріпті. Яғни ғаламторда жарнама іліп сауданы қыздыра түскен. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «OLX» веб-сайтын мониторингтеу барысында «086\у медициналық анықтама» сату туралы жарнаманы анықтаған.

Өз кезегінде олар «Құпия сатып алушы» әдісін қосып, азамат А.Мұрат телефон арқылы Тараздағы №7 қалалық емхананың қызметкері Б.Досымбековамен сөйлесіп, ешқандай дәрігерлік тексерусіз одан «086\у медициналық анықтамасын» сатып алады. Аталған анықтамалықта №7 емхана дәрігерлерінің мөрлері басылып, қолдары қойылған.

Қазіргі таңда Б.Досымбековамен еңбек шарты тоқтатылып, аталған емхананың 5 қызметкері түрлі тәртіптік жазаларға тартылған.

Нұрболат ӘЛДИБЕК, Жамбыл облысы  

Фото:blogas.lt

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.