Сауд Арабиясының билігі елдегі коррупцияны зерттеуге байланысты 200-ден астам адамды тергеп, оның тек жетеуін айыпсыз босатты.

«Ондаған жылдар бойы коррупциялық топтың әрекетінен елге 100 миллиард доллар шығын келді» деп мәлімдеді Сауд Арабияның бас прокуроры. Оның сөзінше, бұл топтың іс-әрекетін зерттеуге үш жыл уақыт кеткен.

Коррупцияны тергеу аясында королдікте бір жарым мыңнан астам банк есеп шоты бұғатталды. Сонымен бірге Біріккен Араб Әмірлігінен 19 жоғары лауазымды шенеуніктің банктегі есеп шоттары туралы мәлімет сұралған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, елдегі өте бай адамдар бірден активтерін сата бастаған.

5 қарашада Сауд Арабиясында 11 ханзада мен төрт министр және ондаған бұрынғы шенеунік ұсталған. Бұл іспен Сауд Арабиясынң тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның бұйрығымен құрылған коррупциямен күрес комитеті айналысып жатыр.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.