Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров Роскомнадзордың мессенджерді бұғаттау әрекетіне қарамастан ресейліктердің оны  қолдана алып отырғанын мәлімдеді. Дуровтың сөзінше, соңғы төрт күнде Ресей билігі 18 миллион IP адресті бұғаттағанымен, ол Telegram-ның жұмысына еш әсер етпеген.

Дуров мессенджерді бұғаттауға қатысты жағдайды «300 спарталық» фильмімен салыстырды. Ол интернет қолданушылардың әрекеті «отандастарының еркіндігі үшін күрескен» Спарта қаласы тұрғындарының тарихын еске түсіретінін айтты.

Роскомнадзор Telegram-ды оның Ресей арнайы қызметіне қолданушылар жазатын хат-хабарды шифрлау кілтін беру талабын орындаудан бас тартқаны үшін бұғаттап жатыр. Ведомство мессенджерді шектеуде Google, Microsoft және Amazon сияқты ірі америкалық компаниялардың IP-адрестерін бұғаттап жатыр. Ресейде бұдан жүздеген онлайн-сервис пен Роскомнадзордың өзі де зардап шегіп отыр.

Оқи отырыңыз: Telegram бұғатынан басқа сайттар да зардап шегіп жатыр

Осыған қарамастан Telegram Ресейде әлі де жұмыс істеп тұр. Бұдан өзге, бұғаттау басталғалы бері мессенджер трафигі артқан. Америкалық азаматтық еркіндіктерді қорғау одағы (ACLU) Amazon, Google, Microsoft және Apple компанияларын Telegram-ды қолдауға және оны жасаушылардың IP адрестерін шексіз өзгертуіне мүмкіндік беруге шақырып жатыр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.