30 жылдың қорытындысы: Қарағанды облысында 90 жылдары бизнес неден басталды

Сайт әкімшілігі

18.11.2021, 11:22

270

Өткен жылы Төлеген Ашимовтың басшылығымен қарағандылық «Аспап» ӨК құрылыс фирмасы 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Кәсіпкер бизнестің тәуелсіз елде қалай пайда болғанын, сол кезде қандай қиындықтар туындағанын және бүгінгі таңда қандай мүмкіндіктер бар екенін жақсы біледі. Бүгінгі күні шағын және орта бизнес саласында өңірдің әрбір үшінші ересек тұрғыны еңбек етеді.

90 жылдардың басында Қарағанды облысында көптеген өндірістік кооперативтер ашылды. Шектен тыс инфляция және тауар тапшылығы жағдайында алғашқы бизнесмендер сауда-саттықпен айналысты. Алып-сатарлар деп аталатындар пайда болды. Уақыт өте келе кооперативтердің көпшілігі құлдырады, бірақ олардың арасында ештеңеге қарамастан аман қалғандар да болды.

Төлеген Ашимовтың айтуынша, бұрын екінің бірінің қолынан жеке кооператив ашу келе бермеген. Маңызды негіздеме қажет болды. Бюрократиялық машина кімнің жұмыс істейтінін және кімнің істемейтінін анықтады.

– Тіпті еске алудың өзі таңқаларлық. Аудандық атқару комитетінде тұтас отырыс болатын, – дейді Төлеген Ашимов. – Комиссия кооператив қажет пе, жоқ па деп шешті. Сонда мен біреудің мен үшін қалай таңдау жасайтынын түсіне алмадым. Қазір, әрине, кәсіпкерлерге әлдеқайда жақсы.

«Аспап» ӨК қызметінің мысалында нақты бизнестің 30 жыл ішінде қалай дамығанын байқауға болады. 90 жылдары компания Қарағандыдағы тоқтап қалған жылу жүйесін қалпына келтірді. Автосалмақ және басқа да ұсақ нысандарды салды. 2 000 жылдары оларға мектептер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жатақханалар салу тапсырылды. Жеті адамнан құрылған «Аспап» кәсіпорны 500 адамға дейін өсті.

Төлеген Әшімовтың пікірінше, кәсіпкерлікті дамыту үшін 2000 жылдар өте маңызды болды.

– Дәл сол кезде заңнамалық қор құрылды. Бизнес пен билік арасында диалог орнады, түсіністік пайда болды, – деп есептейді ол. – 2003 жылы Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығы құрылды. Қазір ол құрылыс саласында нормалау және құқықтарды қорғау саласында әлі күнге дейін үлкен жұмыс жүргізуде.

Төлеген Ашимов Кәсіпкерлер палатасын құруды да жақсы идея деп санайды. Бұған дейін осындайды жасауға бірнеше рет әрекет жасалды. Кооперативтердің одақтары да, түрлі қауымдастықтар да болды.

– Бірлестіксіз алға жылжу мүмкін емес, – деп атап өтті бизнесмен. – Кәсіпкерлер палатасы барлық салалармен жүйелі түрде айналысады. Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Онда көптеген мәселелер шешілуде. Қызметкерлер жас кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетеді. Құжаттармен көмектеседі, қандай да бір бағытта мемлекеттік қолдау туралы айтады.

«Атамекен» ҰКП есептеуі бойынша, бүгінде ШОБ-те 236 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл өңірдің экономикалық белсенді халқының 36,5%-ын құрайды.

30 жыл ішінде шағын және орта бизнесмендер өндіретін өнім көлемі 50 есеге ұлғайды. Ол 1,5 трлн теңге деңгейінде бағаланады, мұны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС сияқты индустриялық флагмандардың өнімділігімен салыстыруға болады.

Пандемия кәсіпкерлікті цифрландыруға серпін берді. Қазір бизнесмендердің көбі онлайн нысанда сатуларға және жеткізуге кетіп жатыр, оқуда онлайн-қызметтер ұсынылады.

Статистика бойынша, кәсіпкерлердің қызығушылық аймағында сауда басым – бұл барлық жұмыс істеп тұрған бизнестің 40%-ға жуығы, 14%-ы – ауыл шаруашылығы, 11%-ы қызмет көрсету саласы және 6%-ы құрылысқа, өнеркәсіпке, көлік пен қоймаға, жылжымайтын мүлікпен операцияларға және т. б. келеді.

Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттің жүйелі қолдауынсыз мүмкін болмас еді. Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «Бастау Бизнес» жобалары және басқа бағдарламалар жұмысын жалғастыруда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30