40 жыл арнасы ашылмаған канал тазартылды

Сайт әкімшілігі

04.12.2020, 09:19

2802

Енді Сырдариядағы қыста тасыған суды каналға бұрып жіберу арқылы төтенше жағдайдың алдын алуға болады.

Арал ауданында үш елді мекеннің тұсынан өтетін «Кеңесарық» каналы қазылып, арнасы тазаланды. Ауылдағы ағайын бұл мәселені көптен бері көтеріп жүрген болатын. Себебі, Құмбазар алқабына су шықпағалы төрт жылға жуықтапты. Тұрғындар енді шабындық жерлерге су келіп, малға да, жанға да жайлы болады деп қуануда.

Дариядан бастау алатын «Кеңесарық» каналы сонау Кеңес үкіметінен бері қазылмаған. Сондықтан Құмбазар, Бекбауыл, Ақбай алқаптарына су жіберу қиынға соғатын. Биыл міне, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қомақты қаржы қаралып, ұзындығы 4,3 шақырым болатын канал қайтадан қазылды. Сондай-ақ, бес жерге су реттегіш шлюз орнатылды.

«Жалпы ұзындығы 4 шақырымнан асатын және 1,70 метр тереңдікте қайта қазылды. Судың алқымы кеңейді, бұл су тасқынының алдын алады әрі шабындықтарды, алқаптарды суландыруды өз деңгейінде ұстайды. «Жол картасы» аясында 84 млн теңге республикалық бюджеттен бөлініп, 11 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды», — деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Кеңесарық каналының аудан үшін маңызы зор. Себебі, қысқы су тасқыны немесе «абыржы» кезінде Сырдариядағы тасыған суды каналға бұрып жіберу арқылы төтенше жағдайдың алдын алуға болады. Екіншіден, Құмбазар, Бекбауыл, Ақбай елді-мекендерінің егістік алқаптарына су барады. Соңғы 4-5 жылда бұл маңдағы шабындық жерлерге мүлдем су шықпапты.

«Халық 5-6 жылдан бері осы мәселені көтеріп келе жатыр еді. Өйткені 4 жылдан бері су көрмедік, енді осы каналдың арқасында су келсе тіршілік қайта жанданады деп ойлаймыз, — деді Құмбазар ауылының тұрғыны Жаңабек Қалилаев.

Жалпы ауданда «Жол картасы» аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына тек жергілікті тұрғындар тартылған. Мердігер мекеме өкілі жұмысшылардың еңбекақысы уақытылы екенін, сапаға баса мән берілетінін жеткізді.

Тегтер: канал арық арна тазарту әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47