А. Мамин Қарағандыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Сайт әкімшілігі

10.12.2021, 12:43

1110

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, онда жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының жұмысын бастап берді, сондай-ақ өңір тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыстады. А. Мамин Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Қарағанды облысының жоғары экономикалық әлеуетке ие екенін және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. 1991 жылдан бастап жалпы өңірлік өнім 24 есе өсті. Қарағандылық кәсіпорындар елдегі тас көмірдің 34%-дан астамын, темір кенінің 14,5%-ын, мыс кенін өндірудің 28%-ын, жалпақ прокат пен марганец кендерінің 100%-ын, тазартылған мыстың 82%-ын, тазартылған күмістің 32,7%-ын және тазартылған алтынның 11,1%-ын өндіреді. Облыс ҚР-дағы барлық өңделген өнімнің бестен бір бөлігін (немесе 21%) шығарады және елімізде жетекші орын алатын қуатты индустриялық орталық болып саналады. Индустрияландыру бағдарламасы өңірде бұған дейін шығарылмаған, қосылған құны жоғары ондаған жаңа өнім түрін өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Облыста шетелдік серіктестермен бірлесіп жолаушылар автобустарын, карьерлік және жол техникасын құрастыру жобалары іске асырылып жатыр. Жыл сайын 1100 автобус пен 400 бірлік арнайы техника және арнайы көлік шығару жоспарланып отыр. Ішкі және экспорттық нарықтарда кейіннен өткізу мақсатында жылына 3,5 млн дана жеңіл, жеңіл жүк және жүк көлігіне арналған автомобиль шиналарын шығаратын ірі жоба іске асырыла бастады. Келешекте кәсіпорынның қуатын жылына 9 млн шинаға дейін кеңейту жоспарда бар. Көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғыртылып жатыр, балабақшалар, мектептер, медицина және спорт объектілері салынуда. Тәуелсіздік жылдары 8 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Облыстың әлеуетін одан әрі дамыту аясында 2025 жылға дейін құрылыс, металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика, тау-кен металлургия кешені, құрылыс материалдары өндірісі, машина жасау және т. б. перспективалы салаларда жалпы сомасы 3,5 трлн теңге болатын 150-ден астам маңызды инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48