Абайда 40 отбасы баспана алады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

20.08.2021, 15:34

1158

Көп балалы отбасылар мемлекеттің басты назарына алынған. Ел президенті  Қазақстан халқына арнаған жолдауында  Үкіметке өңірлерге тұрғын үй қорын жаңғырту және жөндеу үшін екі жыл ішінде бюджеттік несие түрінде 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлуді тапсырған болатын.  Мемлекет басшысы әкімдерге жергілікті мәслихаттармен бірігіп, осы қаражаттың жартысын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ісін бірлесе қаржыландыруға және өңір тұрғындарының өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттауды қамтамасыз етуді тапсырды.  

Қарағанды облысында жолдаудың басым бағытын орындау ілгері жүруде. Абай қаласындағы көп балалы 40 отбасы жақында жаңа пәтерге кіреді. Тоқсаныншы жылдары тоқырауға ұшырап тоз -тозы шыққан қаладағы көп қабатты үй қайта өңделіп,  жаңа кейіпке оранды. Осылайша,   небары 4 айдың аралығында ел игілігіне жарап шыға келді.   Бюджет меншігіндегі нысанды қайта қылыпқа келтіруге биыл  ұлттық қордан  қаржы бөлінген.  Үйге жарық пен құбыр жүйелері тартылып, ұсақ-түйек жұмыстары аяқталып қалды.

— Құрылысқа сәуір айында кірістік. Жоспарға сәйкес, міндетті қарашаға дейін тәмамадау керекпіз. Бірақ, межені уақытынан бұрын орнындап отырмыз.  Осы айдың соңына таман тапсырамыз. Бір -екі күнде сыртқы жұмыстарды бастаймыз. Үйдің ауласына балалар алаңы салынып, асфальт төселіп, электр бағаналар орнатылады,-дейді «Баха строй» ЖШС -нің директоры Бақытбек Таңатаров.  

Моноқалада баспана құрылысы қарқынды қызу жүруде. Мұндағы 80 пәтерлі баспанаға облыстық бюджеттен 842 млн теңге қаржы бөлінді.  Осы жылы ұлы ақынның атын иеленген шаhардағы «30 А» орамында көп қабатты екі үй тұрғызылады. Былтыр басталған екінші нысандағы баспана құрылысы жыл аяғында иелеріне тапсырылады.

Қалаәкімінің орынбасары  Қанатбек Дәулетовтың мәлімдеуінше, соңғы нысан несие рәсімдеген тұрғындарға  беріледі.  Пәтер иелерінің тізімі «отбасы банкі» арқылы анықталып жатыр. Сонымен қатар,  шағын қаладағы Жеңіс даңғылында да,  5 қабатты 45 пәтерлі үй салынуда. Ол келесі жылы жазда пайдалануға беріледі.

Бүгінде Абай ауданы бойынша үй кезегінде тұрғандардың саны 2000-нан астам  адамды құрап отыр.  Атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, қарашаны ең қажетті мұқтажбен қамтамасыз ету қарқыны келесі жылы да жалғасады.  Баспана құрылысынан бөлек,  аудан орталығында  «Реал» ойын- сауық орталығы салынып жатыр. Бұл әлеуметтік нысан келесі жылы ашылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55