Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда

Миуа БАЙНАЗАРОВА

21.09.2021, 08:40

1187

     

«Аудандағы барлық білім беру ұйымдары санитарлық-дезинфекциялық құралдармен жабдықталып, білім  ошақтарындағы қауіпсіздікті арттыру үшін толығымен «Ashyq» жобасына тіркелді. Оқу жылы басталғаннан білім алушылар мектептерде «бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша маскалық режимде оқытылып келеді. Қысқасы оқушыларымыз толығымен карантидік талапқа сай білім алуда» дейді Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы. Аталмыш аймақтағы жалпы білім беру мекемелерінің жай күйімен кеңірек танысу үшін Әділхан Оңдасынұлын сөзге тартқан едік.

— Онлайн оқудан соң оқушыларды мектепке тару оңай болмағаны белгілі. Карантин халықтың да әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етті. Осы орайда бұл бағыттағы жұмысты қалай ұйымдастырдыңыздар?

2021-2022 оқу жылында аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қайырымдылық көмектер көрсету мақсатында жүргізілген «Мектепке жол» акциясының аясында аудан активтері мен мектеп директорлары және кәсіпкерлер 262 оқушыға демеушілік жасап, мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын алып берді. Жалпыға міндетті орта білім беру қоры шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының 326 баласы киім, аяқ-киім мен қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта тағы 1728 оқушыға 163 түрлі қыстық киім – кешек сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы қарсаңында 6 мектепке ерекше балалардың ойлау қабілеті мен моторикасын дамытуға жәрдем беретін «Edu Quest» мультимедиялық құрылғылары, 9 мектепке балалардың ауызша және жазбаша сөйлеуін түзетуге арналған «Дельфа» логопедиялық тренажерлары алынды. 13 балабақшада «логопедиялық пункт», 8 мектепте «инклюзивті қолдау кабинеті» ашылды. Аудан бойынша логопед, дефектолог секілді 43 арнайы маман ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізіп жатыр.

        Бүгінгі күні аудан бойынша 37 мектептегі асханада 9 кәсіпкер білім алушыларға қызмет жасайды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру нормаларына сәйкес 3323 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.

Білім беру ұйымдарын оқулықпен қамту ісі қалай ұйымдастырылуда?

— Оқулықпен қамту ісі де жоспарға сай жүргізілуде. Биылғы жылы мектеп қорындағы оқулықтарға қосымша 44 568 дана оқулық алынып, таратылды. Қазіргі кезде оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылында қайта енгізілген, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалған «Әліппе» оқулығы «1 қыркүйек – Білім күнінде» 1-сыныпқа қабылданған оқушыларға салтанатты түрде табысталды. Жыл басынан бері Қазалы ауданының білім саласы айтарлықтай жетістіктерге де қол жеткізуде.

        Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 7 мектептен 22 оқушы қатысып, 14-і жүлдегер атанса  (І орын – 3, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 6 оқушы), 3 оқушы Алғыс хатпен марапатталды. Олимпиаданың республикалық кезеңіне ауданнан 7 оқушы қатысып, №249 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Нысанбай Нұрай құқық негіздері пәнінен (жетекшісі Изжанов Жанболат) ІІІ орынды, ал №249 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Абильгазиева Салтанат Қазақстан тарихынан (жетекшісі Шохан Ботагөз)  жүлделі ІІ орын иеленді. Олимпиада қорытындысымен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей «Ең үздік ауыл мектебі», ал Қазалы ауданының командасы  ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда» номинацияларымен марапатталды. Сонымен қатар, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей республикалық олимпиада қорытындысымен елдегі ең үздік 116 олимпиадалық мектептің қатарына енді. «Qyzylorda» телеарнасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған мектеп бітіруші түлектер арасында «Интеллектуалды ұлт» сайысында Қазалы ауданының оқушыларынан құралған команда І орынды жеңіп алды. Жоба қорытындысымен топ басшысы болған Сүлейменқызы Аида Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Ректорының білім грантын иеленді. Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында №225 орта мектебінің 4-сынып оқушысы Қаржаубай Ерасыл І орын, №88 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрқашова Жазира «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде ІІ орынды жеңіп алды. «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық турнирінің облыстық кезеңінде №16 мектеп-лицейі «Ұшқыр ой» фракциясы және №249 мектеп-лицей «Риторика» фракциясы І орын иеленді. №249 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жоғары санатты, педагог-зерттеуші Әбжан Жәмилә Әбдінағиқызы ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді.  «Үздік тарих пәнінің мұғалімі-2021» облыстық байқауында №70 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Балғараев Нұрбол І орын иеленді. «Білімді Ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында өткен педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясында №276 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Орымбас Бағдат Ақжігітқызы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері атанды. ХХІІ республикалық Абай оқуларының қорытындысымен ”Абайдың қара сөздері” номинациясы бойынша N170 мектептің 11-сынып оқушысы Әзен Аяулым І орын, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша N94 мектептің 10-сынып оқушысы Қуатбай Алтын ІІІ орын иеленді. Спорттық жетістіктерде де ауданымыз айтарлықтай жетістіктерге ие.   Гандболдан N91 мектеп ер балдар командасы жүлделі І орын, N249 мектеп-лицей қыз балдар командасы І орын;

Футболдан №249 мектеп-лицей командасы І орын; 7-8 сынып оқушылары арасында Гандболдан N91 орта мектеп командасы ІІ орын; Гандболдан «Ұшқыр доп» 7-8 сынып қыз балдар арасында №165 мектеп командасы ІІ орын; Гандболдан N276 мектептің қыз балалар командасы ІІ орын, N216 мектептің ер балалар командасы ІІІ орын иеленді. Білім бөлімдерінің қызметкерлері арасында футзалдан дәстүрлі облыстық жарыста Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің командасы І орын иеленді. Сонымен қатар, N94 орта мектебінің директоры Алик Тлеумбетов «Үздік мерген шабуылшы», әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерлан Утепбергенов «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Ал мектеп бітірушілердің мектепте алған білімін оқу орындарында жалғастыру деңгейі қаншалықты?  

—  2020-2021 оқу жылында аудан бойынша 11 сыныпты 34 орта мектептен 697 оқушы бітірді. 697 оқушының 618-і (88,6%) ҰБТ-ға қатысты. Былтырғы 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда, биыл мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 19%-ға артты. Аудан бойынша 75 мектеп бітіруші «Алтын белгі» белгісінің, 39 үміткер «Үздік аттестат» иегері атанды. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен ең жоғары 130 балды №165 орта мектептің түлегі Тәжібай Айсана жинады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 618 түлектен 543-і мемлекеттік грант конкурсына қатысуға өтініш білдірген. Оның ішінде 420-сы жоғарғы оқу орындарының грант иегері атанды. Оның ішінде педагогикалық мамандыққа – 163, медициналық бағытқа – 53, техникалық мамандықтарға – 70, ауылшаруашылығы – 24 және өзге де мамандықтарға – 111 талапкер оқуға түскен. Сонымен қатар, 132 түлек ЖОО-ның ақылы бөліміне қабылданса, 81 түлек АОО-ның грант негізінде оқуға түсіп, ал, 37 түлек АОО-на ақылы негізде оқуға құжат тапсырған.

— Мектептердің санды жүйемен жабдықталуы туралы да айта кетсеңіз?

— Қазалы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары бейнебақылау камералармен жабдықталған. Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдары бойынша барлығы 378 бейнекамера, мектепке дейінгі ұйымдарда 211 бейнекамера бар. Жалпы 589 бейнебақылау камералары білім беру ұйымдарының сыртқы және ішкі қауіпсіздігі үшін қызмет жасауда.

Сонымен қатар, білім бөліміне қарасты мектептер 70 жаңа модификациялық кабинеттермен қамтылған. Оның ішінде биология — 22, физика — 25, химия — 23.   2020 жылы 15 мектеп (№170, 204, 276, 216, 70, 25, 90, 91, 92, 96, 98, 100, 102, 103, 104) 28 пән кабинеттерімен (физика-9, химия-8, биология-11) жабдықталса, 2021 жылы 9 мектепті (№17, 165, 226 70, 88, 90, 96, 190, 225) 9 пән кабинетімен (физика-2, химия-6, биология-1) жабдықтау жоспарланған. Өткен 2020-2021 оқу жылында Қызылорда облысы бойынша «Үздік орта білім ұйымы» конкурсы мен "Үздік онлайн мектеп" байқауының жеңімпазы болған Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей бүгінде заман талабына сай озық технологиялармен жабдықталған IT орталыққа айналды.

         Грант шеңберінде үздік білім ұйымы ең алдымен, білім ордасындағы өткізілетін мұғалімдер мен оқушыларға арналған тәрбиелік-танымдық іс-шараларды заманауи деңгейде өткізуге арналған өлшемі 8х4 кең көлемді LED экран орнатылды. Одан кейін, мектеп-лицей АКТ залында өткізілетін барлық қоғамдық шаралардың дыбыс өңделуі мен музыкалық әрлеуге арналған музыкалық аппаратура және конференция залына арналған құрылғылар, кез-келген жиын, конференция, форумдарда баяндамашылардың пайдаланатын электронды трибунасы әкелінді. Артынша, АКТ залда өткізілетін барлық қоғамдық шараларда және театрландырған көріністерде пайдалануға арналған прожектор, заманауи талап – деңгейде дыбыспен музыканы және бейнежазбаларды әрлеуге арналған студия, көп салалы, бірнеше  пәндерді  тереңдете оқытуға арналған жаңа форматтағы 65 және 75 дюймді BilimBook Интерактивті ТВ панельдері мен компьютер құрылғысы орнатылған Биология, Химия, Физика және т.б пәндерді  тереңдете оқытуға арналған жаңа форматтағы 75 дюймді ROQED Интерактивті панелі сатып алынды. Сонымен қатар, грант есебінен барлық келушілерге мектеп-лицей туралы ақпараттарды көрсетуге және барлық ақпаратты қолжетімді пайдалану үшін интернетке қосылған ақпараттық киоск құрылғысы және оқушылар мен ұстаздардың дене температурасын өлшеп, қолды дезинфекциалауына арналған интерактивті-цифровой модуль орнатылды.

        Қазіргі таңда №249 мектеп-лицейінде барлық шараларды түсіруге арналған видеокамера, бейнесабақтар түсіру кезінде пайдаланылатын теледидар және ақпараттық материалдарды шығаруға арналған түрлі-түсті А3 форматындағы принтер бар.  Спортты серік еткен оқушылар үшін де грант есебінен барлық спорттық ойынның уақыты мен көрсеткішін көрсететін электронды ақпараттық табло, теннис үстелі мен арқан алынды.

        17 млн грант қаржысына алынған құрылғылардан бөлек мұнда екі биология, физика, химия, үш лингафон кабинеті бар. Мұнымен бірге, робототехника, IT, 3D мен жұмыс істеуге арналған бөлмелер жасақталып, ақпараттандыру орталығы ашылған. Қазір бұған қызыққан оқушы барлық үйірмені бір блоктан таба алады. Бүгінде мұндай үйірме саны 4-ке жетті.   

        Сондай-ақ, №249 мектеп-лицей өткен оқу жылында онлайн білім беру кезінде республика көлемінде ұйымдастырылған "Үздік Online Mektep" байқауында жеңімпаз атанып, Bilimbook интерактивті панелін жеңіп алды.

        Онлайн білім беру кезінде де ұтымды пайдаланылған бұл құрылғыларды жаңа 2020-2021 оқу жылында оқушылар мен ұстаздар оқу процесі барысында пайдалануда.

— Сұхбатыңызға рахмет!

Тегтер: оқу білім мектеп директор

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31