Аэродромның «тағдырын» сот шешеді

Мариям МАҚСАТ

17.11.2020, 11:17

875

Таяуда Баянауыл ауданының бұрынғы басшысы Оразгелді Қайыргелдиновті «аудан орталығындағы жарамсыз аэродромды 240 млн теңгеге бюджет есебінен сатып алды» деген күдікпен қамауға алған болатын. Бүгінде білдей бір бастықтың «бас қайғысына» айналған бұл ғимаратты жергілікті әкімдік тағы да мемлекеттің ақшасы есебінен күзетіп отыр.

Ауданның қазіргі әкімі Қанат Кәрімовтің айтуынша, қазіргі міндет – кешенді сақтап алу. Ал одан кейін ол әу бастағы мақсаты бойынша қолданыла ма, тәркілене ме, әлде сатыла ма – ол жағы белгісіз.

— Бүгінгі таңда аудандық әкімдік әкімдіктің балансында тұрған аэродромды, оның аумағы мен мүлкін күзететін жұмысшылардың еңбекақысын төлеп отыр. Тергеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты барлық құжаттары тәркіленді. Енді аэродромның «тағдыры» қалай болатынын сот шешеді, — деді Қанат Кәрімов.

Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында бұл аэродромға екі шағын ұшақ қонып, қарағандылық туристерді Баянауылға жеткізген еді. Кейін Нұр-Сұлтан, Павлодар қалалары мен ауданның арасын да осы әуе жолы арқылы жалғау жоспарланған. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жарамсыз аэродромның негізсіз сатып алғанын алға тартып, ауданның бұрынғы басшысына айып тағып отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Тегтер: сот заңсыздық меншік мұра келісімшарт

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29