Әйел денсаулығы - отбасы бақыты

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

09.03.2021, 10:43

920

Хирург мамандығы денсаулық саласының ең күрделі тармағы болып табылады. Ал, ғұмыры қыл үстіне  жақындаған жандарды ажалдан арашалаудаға атсалысатын мамандардың арасында еліміз бойынша онколог-хирург қыз-келіншектер саусақпен санарлықтай. Қарағандыдағы онкологиялық клиниканың жоғары санатты  маммолог – онколог дәрігері, Қарағанды Медицина Университетінің ассоцияланған профессоры, медицина ғылымдарыныңкандидаты, онкология және сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі   Найля Қабылдина  қаншама нәзік жанның алғысын арқалап жүр. Қаршадай келіншек емделушілеріне қолының шипасын дарытып қана қоймай, жүрек жылуын қатар сыйлап келеді.

— Әйелдің тұла бойы  махаббаттан жаратылған. Әр отбасының ұйтқысы- ару аналарға  өмір мен үміт сыйлауды басты парызым деп санаймын.  Әдемілік-әйелдің денсаулығында дер едім.  Қазір әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігі  кеселі жасарып  көбейіп келеді.  Көңіл алаңдарлық мәселе.  Бірақ,  қауіпті дерт неғұрлымы ерте анықталса,  одан біржола арылуға   болады.  Өкінішке қарай, қыз- келіншектердің  басым көпшілігі аурудың алғашқы белігісін елемей уақыт өткізіп,  үдеген шақта дабыл қағады.  Осы орайда, әр әйел  скринингтік тексерістен өтуді саналы түрде міндетіне алса деген тілек-ұсыныс айтар едім, -дейді дәрігер- мамолог.

Хирург Қабылдина күн сайын үрей мен үміт арқалаған  бірнеше пациентке ота жасайды. Хирург-онколог  дамыған елдердің тәжіребиесінде қолданылып жүрген технологияны жетік меңгерген.  Бұл тәсілдің тиімділігі сол,  емделуші тән жарасынан арылып қана қоймай,  сырт сұлулығын да сақтай алады.  Қарағандылық онкологтардың маммология саласына  енгізген  жаңа  мүмкіндігі жайлы   дәрігер- ғалым Найля Қабылдина былай деді:   

-  Біз сүт безіндегі қатерлікті ісікті бүтіндей алып тастаймыз. Ал, аурудың кейбір түріне душар болғандарға  негізгі ошақтың орыны жойылған соң, орнынан тұрмастан бірден имплант орнатуға кеңес береміз.  Осылайша, омырауды  пластикалық  ота арқылы  қалпына келтіреміз.  Сырт қараған адамға ол мүлдем білінбейді, әрі  әдемілігі  сақталған әйелдің ерік -жігері де мұқалмайды. Бұл психологиялық тұрғыдан әйелге үлкен демеу болатыны хақ. Әлбетте, әріптестеріммен екі отаны бір мезетте істеу  менің   білім мен  аса ықтриярлы шеберлікті қажет ететін еңбек.  Айта кеткен абзал,  әзірге еліміз бойынша мұндай мүмкіндікке  біздің клиниканың дәрігерлері қол жеткізіп отыр.  

Ауыр салада ерлермен иық тіресіп еңбек етіп жүрген Найля Әмірбекқызы жан жарасынан арылған емделушілерінің жүзінен ескен  қуаныш лебінен ләззат алады.

— Әр әйелдің артында оның жылуын  әрдайым қажет ететін балалары, шаңыраққа төккен  нұрынан шабыт алатын өмірлік серігі тұр. Осы бақытты ұзағынан сақтау үшін  қыз-келіншектер  денсаулығына үздіксіз мән беріп жүргені абзал- дейді, ол.

Аяулы ана, адал жар, ғалым, дәрігер, жетекші, оқытушы осынау бірнеше міндетті мінсіз атқарып, нардың жүгін арқалаған Найля Қабылдина елін ерекше емірене сүйетін жан.  Ата-анасы кезінде  БАМ-ды салуға атсалысқан. Дәрігерлер отбасынан шыққан қайсар қыз  мектепті Солтүстік-Байкал қаласында  тауысты. Орта мектепті бітірген соң, әке-шешесіне отанға оралуға қолқа салып елге оралды.  Әкесі  мен  анасының  жолын жалғауды шешті. Жоғары медициналық білімді Қарағандыға келіп алды.  Хирург-дәрігерге тұрмысқа шықты. Енді міне, өзі елдегі  емдеу  ісінің алдыңғы шебінде жүр.

Тегтер: ана бала жоспар шара денсаулық сақтау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29