Айкөлдегі интернет мәселесі шешіледі

Сайт әкімшілігі

22.10.2020, 08:00

336

Шымкент қаласының әкімі Абай ауданын аралау барысында Айкөл тұрғын алабындағы интернет мәселесін шешуді тапсырды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Биыл аталған тұрғын алаптың халқы көптен күткен сапалы ауыз суға қол жеткізді. Жұмыстар «Содби-строй» ЖШС-і мекемесімен жүзеге асырылған. Шаһар басшысы орнатылған су жинағыш және су айдағыш қондырғыларды тексерді.

Сонымен қатар, аумаққа электр энергиясын жүргізу мақсатында сметалық құжаттар дайындалу үстінде. Ал, табиғи газ жүйесі алдағы жылы шешілетін болады.

300-ден аса тұрғыны бар тұрғын алаптың ендігі мәселесі — интернет желісі болып тұр. Айкөл тұрғын алабын интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында «Мобайл телеком сервис» ЖШС-і және «Kcell»АҚ арқылы байланыс орнату жұмыстары қарастырылып, келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қала әкімі қашықтан білім алу барысында интернет мәселесінің тездетіп шешілуі қажет екенін айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.06.2023, 07:55
БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады
Бифат ЕЛТАЕВА 01.06.2023, 13:08
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11