«Әкім сағаты»

Сайт әкімшілігі

21.11.2020, 18:04

255

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында тікелей эфирде өтетін кезекті «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламада арнайы Call орталық құрылып, арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілер арқылы сұрақтар қабылданды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен шаһардағы сақтық шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

– Коронавирус инфекциясының ықтималды толқынына үш сценарий бойынша дайындалдық. А – қазіргі жағдай, 1 220 төсек-орын әзірленген. В – маусымдық эпидемиологиялық ахуал нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ке дейін арттырамыз. Жағдай күрделенетін болса С сценарий бойынша 5 416 төсек-орын дайындалады. Қазіргі таңда, Шымкент қаласы аталған үш сценарийге дайын, — деді қала әкімі.

Тұрғындар тарапынан жолданған сұрақтардың басым бөлігі денсаулық, шалғай елдімекендердегі инфрақұрылым, транспорт және құрылыс саласына қатысты болды.

Сонымен қатар, қала әкімі әлеуметтік желі мен Call орталыққа келіп түскен сұрақтарға ретімен жауап берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47