Әкімнен кеңес алды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

01.09.2021, 08:15

957

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Президенттік кадрлық резерв өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді. Келешекте ел басқару ісіне араласатын мемлекеттік қызметкерлер аймақ жетекшісімен  индустриялық өңірді  дамытудың тетіктері жайлы пікір алмасты. Жарыссөзге қатысқан Айнагүл Әбдірахманова жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасын шешудің жолы және NEEТ жастарды қолдау нұсақасы  туралы баяндаса, Самат Рамазанов «Жерді қашықтан зонттау арқылы жер қойнауын пайдалану мониторингі» атты төл жобасын таныстырды. Станислав Каримов мемлекеттік сатып алу барысында стандарттау мүмкіндіктерін пайдаланудың ерекшеліктері жайында келелі ойын ортаға салды.  Толғақты және тың идеялар сөз болған кеңесте пайдалы бастамаларды бірлесіп енгізу үшін жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

-Резервке алынған 6000-нан астам қазақстандықтың арасынан небары 300 үміткер іріктеліп алынды. Олардың арасында 41 қарағандылықтың болуы біз үшін қуаныш. Сіздердей өрісі кең, болашағы зор жастармен қауышқаныма ризамын,-деді жиынды қортындылаған Жеңіс Қасымбек жас әріптестеріне.

Өңір басшысы кадрлық резервтегі жастарды аймақты дамытуға  атсалысуға шақырды.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49